Өндіру күш көлемі 15-тен 90-ға т/сағ. дейінгі асфальт-бетон зауыттарын (АБЗ) дайындап тұрғызамыз.
АБЗ-60
Зауыт келесі негізгі агрегаттардан тұрады:
1 - Қоректендіру агрегаты. Материалдарды (құм, ұсақталған тас) мөлшерлеп қабылдап және жеткізуге арналған. Құрамы: қабылдау бункері (4 дана), сүйеу жақтауы, салмақты таспалы мөлшерлеуіш (4 дана), таспалы қабылдау тасымалдағыш, көлбеу таспалы тасымалдағыш, дірілдеуік қоректендіргіш, қызмет көрсету алаңы, баспалдақ.
2 - Кептіру және жылыту агрегаты. Материалдарды (құм, ұсақталған тас) кептіру және жылыту үшін арналған. Құрамы: жағып кептіру агрегаты, мазутты оттық, мазуттың жұмыс сыйымдылық ыдысы, жанармай келтіру, кері қайтқан ауаның газшырарғышы, қызмет көрсету алаңы, баспалдақ.
3 - Араластырғыш агрегаты. Құм және ұсақталған тасты сақтауға, 0,16÷1,25мм, 1,25÷5,0мм. және 5,0 мм-ден көп фракцияларына бөлуге, құм мен ұсақталған құм фракцияларын мөлшерлеп араластырғышқа жеткізуге, асфальт-бетон құрауыштарын араластыруға арналған. Құрамы: элеватор, пневматикалық ауыстырып қосқыш, дірілдеуік елек, екі секциялық бункер, тоқтамай жұмыс жасайтын мөлшерлегіш, араластырғыш, гидростанция, битум жүргізу құбыры, тіректі конструкция, қызмет көрсету алаңы, баспалдақ.
4 - Битумды дайындап және жеткізіп беру агрегаты. Көбіктенген битумды мөлшерлеп араластырғышқа жеткізу және сақтау үшін арналған. Құрамы: битумдық құрылғы, тоқтамай жұмыс жасайтын шығын есептегіш, битум шығарғыш.
5 - Газ тазалайтын агрегат. Кептіргіш агрегаттан, шыққан шаңдалған ауаны, газдары кері бұру және шаңнан тазалау үшін қолданады, ірі (0,071÷0,16 мм) және майда (0,0÷0,071 мм) қоқым бөлуге, кептіру процесіне таза және жылытылған ауаны жіберу, немесе АБЗ агрегаттарын жылытуға арналған. Құрамы: тураағысты циклонды тұндырғы, жеңді сүзгіштер, бағыттау аппараты бар тарту желдеткіштері, шлюзды бекітпе, бу құбыры (газ кететін құбыр).
6 - Минералды қоспа агрегаты. Минералды қоспаларды араластырғышқа мөлшерлеп жіберіп және сақтауға арналған. Құрамы: минералды қоспалар қоймасы (силос), майда қоқым бункері, ірі қоқым бункері, шлюзды бекітпелер, үзіліссіз жұмыс жасайтын шығын өлшегіш, бұрандалы қоректендіргіш, қызмет көрсету алаңы, баспалдақтар.
7 - Дайын қоспа агрегаты. Асфальт-бетонды сақтауға және автокөлікке тиеп беру үшін арналған. Құрамы: СКИП-тік көтергіш, сақтау бункерлері, тіректі конструкция, қызмет көрсету алаңы, баспалдақтар.
8 - Басқару жүйесі. АБЗ агрегаттарымен автоматты, қашықтық және жеке тәртіпте басқару. Құрамы: оператор кабинасы, басқару пульті, пневматикалық басқару күштік шкафтары, қадағалар жиынтығы.
Зауыт фрезеж, фибра, химиялық қоспалар (ПАВ, ПБВ...) және т.б. материалдар мен қоспаларды сақтау және жеткізу агрегаттарымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
АБЗ-ның негізгі техникалық сипаттамалары
Толтырғыштардың ылғалы 5% кезіндегі (техникалық) өнімділіғі, т/сағ. | 60,0 | |
Құрауыштар қор бункерінің сыйымдылығы, м3 |
Толтырушы бункерлері (қоректендіргіш агрегаты) | 4х8,0 |
Битум қоймасы | 40,0 | |
Минералды ұнтақ қоймасы (силос) | 25,0 | |
Құрғақ толтырғыш бункері (фр. 0,16÷1,25мм.) | 5,3 | |
Құрғақ толтырғыш бункері (фр. 1,25÷5,0мм.) | 2,2 | |
Ірі қоқым бункері (фр. 0,071÷0,16мм.) | 12,4 | |
Майда қоқым бункері (фр. 0,071÷0,16мм.) | 11,0 | |
Дайын қоспалар агрегатының бункері | 65,0 | |
Құм мен ұсақталған тастың бастапқы температурасы, °С |
+5,0 төмен емес |
|
Жанармай түрі |
сұйық, табиғи газ |
|
Бастапқы материалдарды жылыту температурасы, °С | құм мен ұсақталған тастың |
175,0 |
битумның | 150,0 | |
мазуттың | 90,0 | |
Кептіргіштегі жылыту агентінің температурасы, °С | 900,0 | |
Кері қайту газ температурасы, °С | 1-ші аймақта | 75,0÷95,0 |
2-ші аймақта | 160,0÷180,0 | |
Асфальт-бетон қоспасының 1 тоннсына сұйық жанармайдың (газдың) шығыны, кг/т(м3/т) | Толтырғыштардың бастапқы ылғалдығы 3% | 4,4(5,4) |
Толтырғыштардың бастапқы ылғалдығы 5% | 5,4(6,64) | |
Толтырғыштардың бастапқы ылғалдығы 7% | 6,77(8,31) | |
Мөлшерлегіш | Үзіліссіз жұмыс жасайтын | |
Шаң ұстап қалатын құрылғы | Жең сүзгештері | |
Газ тазалайтын агрегаттың тиімділігі, % | 99,93 | |
Атмосфераға шаңның төгілуі, мг/м3 | 20,0 көп емес | |
Араластырғыштың | Түрі | Үзіліссіз жұмыс істейтін |
Араластыру уақыты (реттеледі), сек | 90,0÷120,0 | |
Қолданылатын кернеу және жиілігі, В (Гц) | 380 (50) | |
Бекітілген күші, кВт | 220,0 | |
Қызмет көрсету қызметкерлер саны (бір ауысым) | Адам-оператор | 1 |
Қосалқы жұмысшы (жүктеуіш жүргізушісі) |
3 |